Бейін келесі талдауларды қамтиды:
- Креатинин
- Мочевина (несепнәр)
- Калий
- Натрий
- Жалпы кальций
- Магний
- Фосфор
- Жалпы зәр талдауы
- Альбумин/креатининдік арақатынас (ACR)
«Бүйректі тексеру» – бүйрек жұмысының жағдайын скринингтік бағалау. Бейін нақты диагнозды қоюға мүмкіндік бермесе де әр түрлі аурулар кезінде бүйректің қызметін бағалауға мүмкіндік береді.
Жалпы зәр талдауы – зәр шығару жүйесінің жағдайы туралы жалпы түсінік береді. Креатинин және мочевина (несепнәр) – бүйрек жұмысының бұзылысы кезінде қанда шоғырланатын «қалдықтар».
Калий, Натрий, Хлоридтер, Магний және Фосфор – егер бүйректің өз қызметінің шамасы келмегенде қанда жоғарлауымен немесе төмендеуімен өзгеріп отыратын, өмір үшін маңызды микроэлементтер. Микроэлементтер теңгерімі бұзылғанда медикаментоздық түзету (коррекция) қажет етіледі.
Альбумин/креатининдік арақатынас (ACR) – бұл бүйрек ауруларының даму қауіпінің факторы болып табылатын қант диабеті мен артериалдық гипертензиясы бар емделушілерді тексеретін скринингтік әдіс.