«Артық салмақ мәселелері» бейіні дененің артық салмағы бар жағдайын бағалауға, сондай-ақ семіздікке әкелетін себепті анықтауға арналған. Семіздік әрдайым көп тамақтанудың салдары болып табылмайды. Жиі семіздік басқа аурулардың, мысалы, гормональды теңгерімсіздіктің немесе бауыр патологиясының қосалқы бір көрінісі болып табылады.
«Семіздік» диагнозы дене салмағының индексі (ДСИ) есебінен қойылады, оны формула бойынша өзіндік есептеуге болады:
салмағы (кг)/бойы (м2).
Алынған нәтижені кестемен салыстырады:
- ДСИ Салмақ пен бойдың сәйкестілігі 16 және одан кем Айқын дене салмағының тапшылығы
- 16—18,5 Дене салмағының жеткіліксізідігі (тапшылығы)
- 18,5—25 Норма
- 25—30 Шамадан тыс дене салмағы (семіздіктің алды)
- 30—35 І дәрежелі семіздік
- 35—40 ІІ дәрежелі семіздік
- 40 және одан көп ІІІ дәрежелі семіздік
Бейіннің құрамына келесі талдаулар кіреді:
- Аланинаминотрансфераза (АЛТ),
- Аспартатаминотрансфераза (АСТ),
- Сілтілі фосфатаза (ЩФ),
- Гаммаглютамилтрансфераза (ГГТП),
- Тікелей билирубин және жалпы – бауырдың жай-күйін бағалауға мүмкіндік береді.
- Жалпы нәруыз және Альбумин – бұл ағзаның нәруыздық тепе-теңдігі және қоректі заттарды тасымалдаушы нәруыздар саны.
- Глюкоза (қандағы қант), Гликолизденген гемоглобин қант диабеті салдарынан семіздіктің болуын диагностикалау үшін қажет.
- Үшглицеридтер, Жалпы холестерин , ЖТЛП, және ТТЛП – май алмасуы мен атеросклероздық үрдістің айқындылығын сипаттайды. Олардың ара қатынасынан атерогендік индексті есептейді.
- ТТГ , Т4 (тироксин) еркін және Анти-ТПО – ағзадағы зат алмасуды реттейтін қалқанша безінің жай-күйін бағалау үшін скринингтік талдау.
- ФСГ, ЛГ, Пролактин, Эстрадиол, Тестостерон және ДГЭА-сульфат – тікелей адамның салмағына әсер ететін гормондар
Назар аударыңыз! «Артық салмақ проблемалары» бейіні бойынша кешенді тексеруден өткен кезде талдаулардың бағасы жеке-жеке талдауларды тапсырғанға қарағанда төмен болады.
Сондай-ақ оқыңыз: «Семіздік туралы 9 фактілер»