Қалқанша безінің негізгі гормоны.
Т4 іс жүзінде көкбауыр мен аталық безден басқа барлық мүшеге әсер етеді. Тироксиннің әсерімен жүректің жиырылуы жиілейді және артериалдық қан қысымы жоғарлайды. Нәруыздың түзілу жылдамдығы, глюкоза және майлардың (холестерин) «жағу» жылдамдығы жеделдетіледі, әйел адамдарда жатырдың ішкі қабаты (эндометрий) қалыңдайды. Дене температурасы көтеріледі. Гормон орталық жүйке жүйесі мен сүйек құрылымының өсуі мен дамуына жауап береді. Биологиялық белсенділігі Т3 қарағанда анағұрлым баяу, бірақ шығарылу мен концентрациясы айтарлықтай жоғары.
Т4 бір ерекшелік бар: белгілі ферменттердің әсерінен ол гормонның аса белсенді түрі – Т3 айналады.
Т4 мөлшері тікелей йод пен ТТГ деңгейіне байланысты. («тиреотропты гормонды» қараңыз). Гормон адамның мінез-құлық ерекшеліктеріне әсер етеді: оның жоғарлауы жоғары белсенділікке, қызбалыққа, көңіл-күйдің тез құбылуына, есірік талма ұстамасына бейім келеді. Ағзада Т4 тапшылығы тежелумен, күйзеліс пен жылауықтық, селқостық түрінде байқалады.
Жалпы Т4 гормонның екі фракциясы болады: байланысқан және еркін. Еркін, концентрациясы жалпы гормон мөлшерінен шамамен 0,03% құрайтын Т4 функциональдық фракция болып табылады. Кейбір дереккөздер бойынша (м.ғ.д. Кишкун А.А., «Руководство по лабораторным методам диагностики», 2007ж.) еркін Т4 жалпы Т3 салыстырғанда (еркін «Т3 (трийодтиронин) маңызды бір артықшылығы бар. Оның концентрациясы қалқанша без гормондарын «еріксіз» етуші нәруыз - тироксинбайланыстырушы глобулинге (ТБГ) тәуелді емес. Демек, бұл ерекшелік жалпы Т4 бұрмалайтын, бірақ еркін Т4 әсер етпейтін ТСГ мөлшеріне қарамастан, еркін тироксинді қалқанша бездің гормональді қызметінің дәл көрсеткіші болып табылады.