Түгел ағзаның қалыпты қызмет етуіне жауап беретін қалқанша безінің гормоны.
Т3 негізгі қызметі – жасушалардың оттегіні тұтыну есебінен негізі алмасуды реттеу болып табылады. Негізгі алмасу – бұл қалыпты тіршілік қызметі үшін адамға қажет калорияның минимальді мөлшері. Т3 нәруыздың түзілу жылдамдығын, глюкоза мен майлардың (холестериннің) «жандыру» жылдамдығын жеделдетеді.
Іс жүзінде Т3 көкбауыр мен аталық безінен басқа барлық мүшеге әсер етеді. Трийодтиронин әсерімен жүректің жиырлу жылдамдығы артады және артериалдық қан қысымы жоғарлайды. Дене температурасы көтеріледі. Гормон ағзаның өсуі мен дамуына, орталық жүйке жүйесі мен сүйек құрылымына жауап береді. Гормон қалқанша безінен бөлек Т4 гормонынан йод молекуласының ыдырау есебінен шеткері қанда түзіледі. Т3 гормоны Т4 қарағанда 3-5 есе күштірек әсер етеді, бірақ Т3 өмір сүру уақыты 1-2,5 күнді, ал Т4 – 5-7 күнді құрайды, сол себепті Т3 қандағы концентрациясы Т4 қарағанда 60 есе аз.
Т3 мөлшері тікелей йод және ТТГ деңгейлерімен байланысты («тиреотропты гормон» қараңыз). Гормонның шамадан тыс көп болуы «гипертиреоз» деп аталады және ол келесі түрде көрінеді:
- Жүрек соғысы жиілейді (тахикардия), қан қысымы көтеріледі, ырғағы бұзылуы мүмкін;
- Дене температурасы көтеріледі, тершеңдік;
- Күйгелектік, тез шаршағыштық, физикалық белсенділік кезінде әлсіздік, қолдарының дірілдеуі;
- Ұйқысының бұзылуы;
- Тәбеті жоғары болғанымен дене салмағының төмендеуі, іш өту болады.
Гормонның тапшылығы («гипотиреоз») кезінде келесі клиникалық белгілер болады:
- Ұйқышылдық, тежелу, есте сақтау қабілетінің төмендеуі;
- Дене салмағының артуы, ісінулер;
- Тері құрғауы;
- Іш қатуға бейім болуы;
- Әйел адамдарда ұрпақ жаңғырту қызметінің бұзылуы.
Жалпы Т3 екі фракциядан тұрады: байланысқан және еркін. Функционалдық фракциясы еркін Т3 болып табылады («Т3 (трийодтиронин) еркін» қараңыз), оның концентрациясы гормонның жалпы санынан шамамен 0,3% құрайды. Әртүрлі факторлар (мысалы, тироксинбайланыстырушы нәруыз) гормонның қалыпты жалпы мөлшері кезінде еркін Т3 мөлшерінің өзгеруіне әкеледі, осы орайда гормонның белсенділігі де өзгереді. Сол себепті Т3 гормональді белсенділігінің сәйкестігін көру үшін жалпы және еркін трийодтиронинді бір уақытта анықтау ұсынылады. Тиротоксикозды емдеудің алғашқы диагностикасы мен емнің тиімділігін бақылау кезінде талдау әсіресе ақпараттық болып табылады.