Кері қайту
бастап01.07.2024дейін31.07.2024
Науқан аяқталды

Шілде науқаны! «Әйелдер гормондық фоны» профилі, 2024 жылғы 1 және 31 шілде аралығында

20,500 ₸ орнына30,920 ₸

Сізді артық салмақ, циклдің бұзылуы немесе эмоциялық жағдаймен байланысты мәселелер мазалайды ма? Бұл белгілер гормондармен байланысты болуы мүмкін. Тек шілде айында науқан бойынша гормондарға талдау тапсырыңыз!

 

«Әйелдер гормондық фоны» профилі келесі талдауларды қамтиды:

  • ТТГ (тиреотропты гормон) ультрасезімтал
  • ФСГ (фолликулынталандырушы гормон)
  • ЛГ (сарыдене гормоны)
  • ХГЧ (хорионды гонадотропин)
  • Пролактин
  • Эстрадиол
  • 17-ОН Прогестерон (17-ОП)
  • Тестостерон
  • Жыныстық гормондарды байланыстыратын глобулин (ГСПГ, Sex hormone-binding globulin)
  • ДГЭА-сульфат (дегидроэпиандростерон-сульфат)
  • Бос тестостерон индексі

 

Бөлек-бөлек тапсыру кезіндегі бағасы: 30 920 тг

Науқан бойынша бағасы: 20 500 тг

 

  • ТТГ (тиреотропты гормон) ультрасезімтал - қалқанша безінің жұмысын реттейді, қалқанша безі гормондарының синтезіне әсер етеді

 

  • ФСГ (фолликулынталандырушы гормон) - аналық бездегі фолликулалардың өсуі мен жетілуін ынталандырады.

Әйелдерде ФСГ жоғары деңгейі жыныстық құмарлықтың төмендеуіне әкелуі мүмкін

Әйелдерде ФСГ төмен деңгейі етеккірден тыс жыныс жолдарынан бөліністердің болуына, фолликулалардың жетілуін бәсеңдетуге әкелуі мүмкін

 

  • ЛГ (сарыдене гормоны) - овуляцияға ықпал етеді және сары дененің жұмысына қолдау көрсетеді.

Әйелдерде ЛГ жоғары деңгейі эндометриозға, етеккір циклінің бұзылуына әкелуі мүмкін

Әйелдерде ЛГ төмен деңгейі жыныстық құмарлықтың төмендеуіне әкелуі мүмкін

 

  • ХГЧ (хорионды гонадотропин) - жүктіліктің маңызды маркері болып табылады. Ол сары дененің жұмысын қолдайды және прогестерон өндірісін ынталандырады. Сондай-ақ жүктіліксіз ХГЧ жоғарылауы аналық без ісіктерінің белгісі болуы мүмкін

 

  • Пролактин - мидың түбінде орналасқан кішкентай гипофиз безі шығаратын гормон

Әйелдерде пролактиннің жоғары деңгейі етеккір циклінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Әйелдерде пролактиннің төмен деңгейі етеккір циклінің бұзылуына, жыныстық құмарлықтың төмендеуіне әкелуі мүмкін.

 

  • Эстрадиол - етеккір циклін реттеуге әсер ететін әйелдердің негізгі жыныстық гормоны.

Әйелдерде эстрадиолдың жоғары деңгейі етеккір циклінің бұзылуына әкелуі мүмкін

Әйелдерде эстрадиолдың төмен деңгейі остеопорозға, жыныстық құмарлықтың төмендеуіне әкелуі мүмкін

 

  • 17-ОН Прогестерон (17-ОП) - кортизол мен жыныстық гормондардың синтезіне қатысады.

Әйелдерде прогестеронның жоғары деңгейі гирсутизмге, ұрықтанумен және бедеулікпен байланысты мәселелерге әкелуі мүмкін

Әйелдерде прогестеронның төмен деңгейі етеккір циклінің бұзылуына әкелуі мүмкін

 

 

  • Тестостерон - әйелдерде тестостерон сүйектер мен бұлшықеттердің саулығын сақтауда маңызды рөл атқарады.

Әйелдерде тестостеронның жоғары деңгейі шаштың шамадан тыс көп өсуіне, етеккір циклінің бұзылуына әкелуі мүмкін

 

  • Жыныстық гормондарды байланыстыратын глобулин (ГСПГ, Sex hormone-binding globulin) - ГСПГ кейіннен ағзаға тасымалдау үшін жыныстық гормондармен байланысатын арнайы ақуыз (гликопротеин) (андрогендер және эстрогендер)

 

  • Тестостерон мен ГСПГ-ге бір уақытта тапсырыс беру кезінде бос тестостерон индексі тегін есептеледі

 

  • ДГЭА-сульфат (дегидроэпиандростерон-сульфат) - негізгі андроген ізашарының белсенді емес түрі (ДГЭА).

Әйелдерде ДГЭА-сульфаттың жоғары деңгейі бүйрек үсті безінің ісіктеріне, етеккір циклінің бұзылуы әкелуі мүмкін

Әйелдерде ДГЭА-сульфаттың төмен деңгейі жыныстық құмарлықтың төмендеуіне, остеопорозға әкелуі мүмкін

 

Профильде гормондар болғандықтан, әйелдерге профильді циклдің 3-7-күні тапсыру керек

 

Алу материалы - қан.

 

Науқан бүкіл Қазақстан бойынша 1 және 31 шілде аралығында қолжетімді!