Кері қайту
бастап01.09.2023дейін15.11.2024
8 күнқалды
Жаңалық! «Қалқанша безі. Йод. Селен. Цинк»
21,700 ₸ орнына29,360 ₸
Құрметті пациенттер, біздің керемет жаңалығымыз бар!
Енді қалқанша безін «Қалқанша безі. Кеңейтілген» жаңа профилінің арқасында толығымен тексеруге болады.
Жеке тапсырғандағы бағасы: 29 360тг
Профиль бойынша бағасы: 21 700тг
Профильге келесі талдаулар кіреді:
- Йод микроэлементі қалқанша безі гормондарының синтезі үшін қажет. Ересектердегі йодтың бірқалыпты тапшылығы токсикалық жемсау себебінен гипертиреоз жиілігін арттырады. Йодтың өте жоғары мөлшерінің әсерінен қалқанша безі гормондарының синтезделуі төмендейді. Йод тапшылығы бар аймақтарда йодты тұтынудың кенеттен артуы да қалқанша безінің аутоиммунды ауруларын тудыруы мүмкін.
- Селен қалқанша безінің гормоналды алмасуына және антиоксиданттар жүйелерінің қызметінде көмегін тигізетін таптырмайтын микроэлемент. Селеннің жоғары тапшылығы қалқанша безінің дисфункциясын тудыруы және аутоиммунды аурулардың пайда болуы немесе дамуына әкелуі мүмкін. Хашимото тиреоидиті бар пациенттерге селен препаратын қосу ТПО антиденелеріне антиденелер титрін төмендете алады.
- Мырыш қалқанша безі гормондарының түзілуін реттеуге көмектеседі, ДНҚ және ақуыздардың өндірісі үшін қажет. Мырыштың тапшылығы қалқанша безі гормондарының синтезін тежейді.
- Ультрасезімтал ТТГ - қалқанша безінің функциясын реттейтін гормон. Оның нәтижесі қалқанша безінің жұмысын бағалауға мүмкіндік береді (гипо-/гиперфункция).
- ТПО антиденелері (Анти-ТПО) - ағзада қалқанша безінің аутоиммунды аурулары болғанда көтерілетін ақуыз қосындылары және ағзадағы аталған үдерістің маркері болып табылады. Тиреоглобулин антиденелері (АТ-ТГ) және ТПО антиденелері (АТ-ТПО) тестілері қалқанша безінің қандай да бір ауруының аутоиммунды табиғатын растау немесе жоққа шығару үшін қолданылады, мысалы: қалқанша безінің оның қызметі бұзылмай ұлғаюы. Сонымен қатар эндокриндік ағзаларының патологиясы бар аналардан туған балаларға қалқанша безі ауруларының дамуы бойынша қауіп-қатер тобын анықтау үшін белгіленеді.
- Еркін Т3 - қалқанша безі түзетін негізгі екі гормон, еркін фракциядағы Т3, Т4 негізгі гормондарының деңгейлерін талдау қалқанша безі қандай да бір ауруға шалдыққанын сезіктенгенде оның жұмысының сапасын анықтаудағы ең бірінші және басты қадам.
- Еркін Т4 - қалқанша безі түзетін негізгі екі гормон, еркін фракциядағы Т3, Т4 негізгі гормондарының деңгейлерін талдау қалқанша безі қандай да бір ауруға шалдыққанын сезіктенгенде оның жұмысының сапасын анықтаудағы ең бірінші және басты қадам.
- Тиреоглобулин антиденелері (Анти-ТГ) - ағзада қалқанша безінің аутоиммунды аурулары болғанда көтерілетін ақуыз қосындылары және ағзадағы аталған үдерістің маркері болып табылады. Тиреоглобулин антиденелері (АТ-ТГ) және ТПО антиденелері (АТ-ТПО) тестілері қалқанша безінің қандай да бір ауруының аутоиммунды табиғатын растау немесе жоққа шығару үшін қолданылады, мысалы: қалқанша безінің оның қызметі бұзылмай ұлғаюы. Сонымен қатар эндокриндік ағзаларының патологиясы бар аналардан туған балаларға қалқанша безі ауруларының дамуы бойынша қауіп-қатер тобын анықтау үшін белгіленеді.
Профиль бойынша бағасы жеке тапсырғаннан гөрі тиімді.
«Қалқанші безі. Кеңейтілген» профилін бүкіл Қазақстан бойынша барлық процедура кабинеттерінде тапсыруға болады.