Кері қайту
бастап31.12.2022дейін31.12.2024
4 күнқалды

Жаңа профиль! Вегетариандарға арналған талдаулар

16,480 ₸ орнына20,720 ₸

Сіз/Сіздің балаларыңыз етті аз жейсіз бе/жейді ме, немесе одан мүлдем бас тартасыздар ма?

Сіз өсімдіктен жасалған тамақта адам ағзасына қажет кейбір элементтер жоқ екенін білесіз бе: ақуыз, кальций, фосфор, темір, витаминдер бөлігінің және т.б. жеткілікті мөлшері. ОЛИМП КДЗ жаңа «Вегетариандар үшін» профилі тапшылықты қадағалап және оның орнын уақтылы толтыруға көмектеседі. 

 

Бөлек-бөлек бағасы: 20 720 тг.

Бейіндегі бағасы: 16 480 тг.

 

«Вегетариандар үшін» профилінің талдаулары:

  • D витамині (25-ОН). D витамині иммундық жүйе үшін ерекше маңызға ие. Бұл витаминнің жетіспеушілігі кальцийдің сіңімділігіне кедергі келтіреді және бұл сүйектердің сынғыштығына әкеледі.
  • В12 витамині. Негізгі көзі - жануарлардан алынатын азық, ағзаның әр жасушасының жұмысына қатысады, қан түзілімі мен жүйке жүйесінің қызметі үшін ерекше маңызды.
  • Жалпы кальций (Са). Сүйектің негізгі компоненті, оның жетіспеушілігі сүйек тіні тығыздығының төмендеуі - остеопорозға әкелуі мүмкін.
  • Жалпы ақуыз. Өсімдіктен жасалған тамақтан жеткілікті ақуыз мөлшерін алатыныңызға көз жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды көрсеткіш.
  • Темір (Fe). Өкінішке қарай, өсімдіктен жасалған тамақта темір аз болады, ал оның жетіспеушілігі қандағы гемоглобиннің азаюы мен анемияның дамуына әкеледі. Темір тапшылығы кезінде әлсіздік, шаршағандық, бас айналу, бастың ауыруы байқалады.
  • Ферритин. Ағзадағы темір қорының индикаторы. Теміртапшылықты анемия диагнозын қоюда маңызды.
  • Жалпы холестерин. Холестериннің жетіспеушілігі жыныс гормондары түзілуінің төмендеуіне, ағзаның D витамині мен кальцийді сіңіре алмауына әкелуі мүмкін.
  • Бейорганикалық фосфор. Сүйек тінінің құрамына кіреді (оның ішінде тістердің), нуклеин қышқылдарының, ақуыздар, майлар, көмірсулардың метаболизміне қатысады, жасушалық өсу мен бөлінуге, оттегі алмасуына қатысады.
  • ЖҚТ (жалпы қан талдауы). Ағзаның жалпы күйін бағалауға арналған скринингтік талдау. ЖҚТ көрсеткіштері: гемоглобин, эритроциттер мөлшері, түстік көрсеткіш, тромбоциттер мен лейкоциттер мөлшері, лейкоцитарлық формула.

Профильге дисконттық карта бойынша жеңілдіктер және әлеуметтік жеңілдіктер жүреді.