Кері қайту
Креатинин

Бұлшықет ұлпаларындағы энергиялық алмасудың өнімі. Креатинин бұлшықет талшықтарында түзіледі, сондықтан оның саны бұлшықет массасына байланысты болады. Басты қызметі бұлшықеттерді энергетикалық материалмен қамтамасыз ету. Себебі креатиннің химиялық ізашары бауырда түзіледі, олай болса оның қызметі креатинин концентрациясына да әсер етеді.

Креатининнің айрықша ерекшелігі оның бүйректе қайтадан сіңірілуінің (көптеген заттар бүйректен толықтай шығарылмайды да белгілі мөлшері қайтадан қан арнасына түседі) болмауында. Аталған фактор бүйрек ұлпасының жағдайын максималды нақты анықтауға мүмкіндік береді. Қандағы креатинин мөлшерін және оның қанша шығарылу керектігін біле отырып, дәрігерлер ерекше кесте бойынша креатининге қан талдауын және зәр талдауын тағайындайды. Әрі қарай формула бойынша ЭНДОГЕНДІК КРЕАТИНИН КЛИРЕНСІ (Реберг-Тареев сынамасы) есептеледі. Оның төмендегені бүйрек қызметінің бұзылысы туралы белгі береді. Жоғарлауы нефротикалық синдроммен созылмалы гломерулонефрит туралы айтады.

Қазіргі заманғы клиникалық фармакологтар эндогендік креатинин клиренсін ескере отырып дәрі-дәрмектің тиісті мөлшерін тағайындайды.

Сонымен, креатининге қан мен зәр анализін бірге тапсырған абзал.

Реберг-Тареев сынамасы (эндогендік креатинин клиренсі)

Емделуші таңертең дәретке барады және 200 мл су ішеді. Әрі қарай 1 сағаттан соң емделушіден креатинге қан алады, қайтадан 1 сағаттан соң зәрге талдау алады.

Есептеу формула бойынша жүргізіледі: ШСЖ=Зк Плк*Д

ШСЖ – шумақтық сүзілу жылдамдығы

Зк – зәрдегі креатинин

Плк – плазмадағы креатинин

Д – минуттық диурез (2 сағат ішіндегі зәр мөлшерін (мл) 120 бөледі)

Қалыпты жағдайда ер адамда 120±25 мл/мин, әйел адамда 95±20 мл/мин