Токсокароз – Toxocara canis тұқымдасының ірі құрттар дернәсілі қоздырғышы болып табылатын, адамға жануарлар арқылы жұғатын паразиттік ауру. Көпшілік мақұлдаған пікір бойынша ауру жұқтпасы бар иттер арқылы беріледі, мысықтардың қатыстылығы туралы пікірталас әлі де жүріп жатыр.
Адам келесідей ауырады:
- ауру жануар қоршаған ортаға нәжіспен бірге паразиттің жұмыртқасын бөледі.
- адам жеке гигиена ережелерін сақтамауынан зарарлы топырақ бөлшектерін (мысалы, жуылмаған жемістерді пайдалану) жұтады.
- әрі қарай жұмыртқалардың аш ішекте бекіну жүреді, сол жерде дернәсілдер жарылып шығады.
- дернәсілдер ішек қабырғасы арқылы қан ағымына түседі, сол арқылы жүрекке және ағзаның басқа жерлеріне таралады.
Аурудың клиникалық көрінісі токсокара дернәсілі «тұрып қалған» ағзаға байланысты болады. Адам ағзасында токсокар дернәсілінен жыныс мүшелері жетілген дарақ түзілмейді және паразиттер көбейе алмайды. Сондықтан ауру адамнан адамға жұқпайды.
Токсокароз қоздырғыштың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты кең таралған. Жыныс мүшелері жетілген дарақ 4-6 ай өмір сүреді. Әр күн сайын 200 мың жуық жұмыртқа салады. Дүние жүзі бойынша 42 000 тексерілген иттердің ішінде жүргізілген зерттеу бойынша 15,2% токсокароз жұқтырған. Топырақ сынамасында токсокар қоршаған ортаның климаттық жағдайларына (неғұрлым суық болса, соғұрлым тұқымдандыру аз болады) байланысты дернәсілі 1-60% жағдайда кездеседі.
Мысалы, Мәскеуде топырақ сынамасы 8,5%-ға зарарлы болып шықты. АҚШ (Markell and Voge’s Medical Parasitology, 2006) 5% балалар токсокарозбен немесе барлық тұрғындардың 14% сырқатанады (Centers for Disease Control and Prevention, Division of Parasitic diseases, 2009). 1999 жылы Ресейде 14 жасқа дейінгі 184 000 балада және 14 жастан асқан 366 000 балаларда токсокароз жағдайлары анықталған. Қауіп тобына кіреді: Балалар; Жермен және жануарлармен қатынасатын жұмыскерлер; Бау-бақшалар, үй жанауарларының, оның ішінде иттердің иелері; аңшылар; Өмір сүру ерекшеліктеріне, еңбек жағдайларына, әдеттеріне байланысты гигиена ережелерін сақтауға әрдайым мүмкіндігі жоқ адамдар. Токсокароз белгілері аз ерекшелінеді, олар қоздырғыштың санына және орналасуына байланысты.
Жедел ағымы: Өкпелік синдром (жөтелден бастап тұншығуға дейін), t=37-39 С, іштің ауырсынуы, бастың және бұлшықеттің ауруы, миокардит, панкреатит, тырысу ұстамалары, есекжем түрінде терідегі бөртпелер. Созылмалы ағымы: ауру белгілері басылып, аллергияға бейімділік байқалады. Ең ауыр асқынуы бронх демікпесімен байланысты. «Токсокарозбен ауыратын барлық науқастарда метахолинге бронхтың бейспецификалық гиперреактивтілігі анықталған, оған қоса токсокароздың өкпелік синдромымен науқастарда ғана клиникасы айқын және аспаптық зерттеумен дәлелденген бронхиальды обструкция болады». (Золотова И.А.;
Диссертация «Бронхиальная астма и токсокароз, М., 2003ж.) Көз токсокарозына ерекше назар аударылады, оның келесі формалары бар: (Черненко бойынша, 1985ж.): көздің артқы бөлігіндегі гранулемалар; шеткері гранулемалар; увеит; парс-планит; созылмалы эндофтальмит; шыны тәріздес дененің абсцессі; көру жүйкесінің невриті; кератит; шыны тәріздес денеде көшпелі дернәсілі. Нәжістің стандарттық микроскопиялық әдісі дернәсілді немесе паразит жұмыртқасын анықтай алмайды, себебі паразит адам ағзасында көбеймейтіндіктен диагностикалау ерекшелігі болып табылады! Токсокароздың ең тиімді әдісі ИФТ, ол Toxocara canis дернәсіліне IgG антиденелерін анықтайды. Антидене – бұл нақты бөгде нәруыз-антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда токсокар дернәсілі антиген болып табылады. Антиденелердің бірнеше түрлері бар: IgA, IgD, IgE, IgG және IgM.
Дегенмен антиденелер өте жоғары концентрацияда болса да иммунитет паразитпен күресе алмайды. Тізімделген антиденелердің әрқайсысына тән өзінің қызметі және пайда болу кезеңдері болады. IgG жұқтырылғаннан кейін 15-20 күннен соң өндіріледі және қанда ұзақ уақыт сақталады. Демек, қанда осындай IgG анықталуы токсокароздың созылмалы ағымы туралы айтады.
Сондай-ақ оқыңыз: «ТОКСОКАРОЗ – ЖҰҚТЫРУ ОҢАЙ, КҮДІКТЕНУ ҚИЫН…»