Кері қайту
Несепнәр
 

Мочевина (несепнәр)

Мочевина (несепнәр) – ағзадағы нәруыз ыдырауының соңғы өнемі, бүйрек арқылы шығу кезінде «керек емес» азот қалдықтарын шығарып тастауды іске асырады. Бауырда түзіледі. Зәрмен бірге және жартысы термен (терге ерекше иіс беретін нәрсе) шығарылады. Несепнәр ағзада судың және кейбір микроэлементтердің сақталып қалуына көмектеседі. Бұл бүйрек арқылы қанағымына қайта сорылу көмегімен орындалады. Әр кез сіңірілу үрдісі жүргенде несепнәр өзімен бірге қанға судың және пайдалы минералдардың молекулаларын «тартады». Бірақ оның ағзада шамадан тыс болуы мүшелер мен ұлпаларға зиянын келтіреді.

Зәрдегі несепнәрдің құрамын қадағалау нәруыздық алмасуды (азоттық тепе-теңдік) бақылау үшін қажет. Қалыпты жағдайда 100 г нәруыз қабылдаған кезде зәрмен бірге тәулігіне 500 ммоль несепнәр шығады. Ауыр науқастардың азоттық балансын білу реаниматолог-дәрігерлер үшін көк тамырлық тамақтану ерекшелігі туралы ақпарат береді. Егер ағзада нәруыздың бұзылысы басымырақ түссе, онда оның мөлшерін көк тамыр арқылы берілетін ертіндіде көбейту керек; төмендеген кезде - керісінше.

Несепнәр деңгейі оны түзу және ағзадан шығару үрдісінің тепе-теңдігіне байланысты болады. Концентрациясының төмендеуі төмен нәруыздық емдәм немесе ашығу кезінде, бауыр аурулары кезінде, химикаттармен улану кезінде (күшәла, фосфор құрамдас қосылыстар), жүктілік кезінде, гемодиализ кезінде болуы мүмкін.

Несепнәр құрамының зәрде төмендеуі келесі ауруларда байқалады:

  • бүйрек және бауыр ауруларында,
  • ашығуда,
  • аурудан сауығу кезінде,
  • жүктілік кезінде,

яғни оңтайлы азоттық тепе-теңдік кезінде түскеннен гөрі аз шығарылады.

Оңтайлы азоттық тепе-теңдік (нәруыздың шығарылу ағзаға түсуінен асып түседі) келесі жағдайларда:

  • қалқанша безінің қызметі артып кеткенде,
  • диабет кезінде,
  • қызба кезінде,
  • ауқымды ота жасалған кезде туындайды.