Инсулин – инсулинге тәуелді ұлпа жасушаларымен глюкозаны сіңіруге қажетті, ұйқы безінің негізгі гормоны. Соның салдарынан қандағы глюкоза деңгейі төмендейді.
Инсулин ұйқы безіндегі проинсулин молекуласынан С-пептид молекуласының жанама түзілісінен шығарылады. Гормон глюкозаға, энергия көзін қажет ететін кейбір нәруыздарға және микроэлементтерге жасуша ішіне енуге «көмектеседі». Инсулин қордағы глюкозаның (гликогенолиз және глюконеогенез) шығындалуын баяулатады. Май ұлпаларында май қышқылдары синтезінің жылдамдығын күшейтіп, олардың қандағы концентрациясын төмендетеді.
Инсулин салыстырмалы түрде бауырда тез бұзылады, көк тамыр арқылы құйылған кезде бұзылу уақыты шамамен 10 минутты құрайды.
Ағзаға түскен глюкоза гормонның өндірілуін ынталандырады, оның максималды концентрациясы тамақ қабылдғаннан кейін 1,5-2 сағаттан кейін байқалады.
Ағзада инсулиннің абсолюттік немесе салыстырмалы тапшылығы қант диабетінің дамуына әкеледі. Бұл жағдайда қандағы қант «қайта өнделіп» үлгермей, жинақталады да көптеген мүшелерге өте жағымсыз әсерін тигізеді. Кейбір жағдайларда жасушалар инсулинге сезімтал болмай қалады – онда инсулиннің қалыпты концентрациясы кезінде қант диабеті дамиды.
Инсулиннің шамадан тыс аса жоғары болуы да және төмен болуы да ағза үшін өте қауіпті, бұл глюкозаның белсенді түрде сіңірілумені және оның деңгейінің төмендеуімен байланысты. Соның нәтижесінде ми негізгі энергия көзін қабылдамағандықтан гипогликемиялық кома дамиды.