Кері қайту
Кортизол

Кортизол-бүйрек үсті безінің қыртысындағы шоғырлы аймақтың стероидтық гормоны, ол бірқатар маңызды функцияларды атқарады:

  • Гликонеогенезді ынталандырады - бауырда әртүрлі басқа заттардан ағза үшін энергия көзі ретінде глюкозаның түзілуі;
  • Қабыну реакцияларын болдырмайды - Т-хелпердағы интерлейкин-2 рецепторларын басады. Т-хелперлер В-лимфоциттерді ынталандыруға қабілетсіз болады, сол себептен олар антиденелер (иммуноглобулиндер) өндірмейді;
  • Аллергияға қарсы әсері-гистамин өндірілуінің төмендеуі және лизосомалық мембраналардың тұрақтануы;
  • Триптофаноксигеназа индукциясы арқылы бауырдың уытсыздандыру (детоксикация) қызметін ынталандыру;
  • Гликогенолизді ынталандыру - гликогеннің глюкозаға тез ыдырауы. Бұл функция ағзаға көп энергия қажет болған кезде күйзелістік жағдайда өте маңызды; Коллаген синтезін төмендету арқылы аминқышқылдарының өндірісін арттырады (бұл кортизолдың жоғары концентрациясында терінің серпімділігін жоғалтуға әкеледі);
  • Сүйектің нәруыз компонентінің өсуін баяулатады және одан кальцийді шығарады – бұл остеопорозбен көрінеді;
  • Инсулинге қарсы әсер ету;
  • Асқазанда тұз қышқылының секрециясын ынталандыру;
  • Ішек арқылы ағзадан натрийдің шығуын шамалы баяулатады; Қан тамырларының адреналинге сезімталдығы арту есебінен қан қысымы артады. Қандағы гормон деңгейі кері байланыс принципі бойынша реттеледі. Ең басында гипофиз бүйрек үсті безін гормон өндіруге итермелейді, егер кортизолдың концентрациясы төмендесе, онда гипоталамусқа ол туралы белгі келеді, гипоталамус өз кезегінде гипофизға әсер ететін заттарды бөліп шығарады. Әрі қарай гипофиз бүйрек үсті безінің гормондар өндіруін ынталандыру үшін АКТГ өндіреді. Гормондар деңгейі нормаға келгенде – жүйе жұмысы тоқтайды.

Қандағы кортизолдың концентрациясы үшін тәулік бойы құбылуы тән: таңертеңгі сағаттарда (7-10 сағат) гормон мөлшері максимальды, әрі қарай заттың төмендеуі байқалады – минимум деңгейі сағат 16-20.00 байқалады. Жүктілік уақытнда кортизол деңгейі 2-5 есеге жоғарлайды.