Кері қайту
Лактат

Лактат (сүт қышқылы) – энергияны алу мақсатында глюкозаны жасушаішілік «жану» үрдісі, гликолиздің соңғы өнімі. Бұл ретте осы «жану» оттегінің қатысуынсыз пайда болған кезде лактат шығарылады. Үйреншікті емес қарқынды физикалық жүктемеден кейін жаттықпаған бұлшықетке оттегі тасымалдайтын қан түспейді, сүт қышқылының жинақталуы жүреді, бұл денені ңқай бөлігіне көп жүктеме түссе, сол жерлерді ауырсыну байқалады.

Лактат концентрациясының артуы ұлпаның ишемия дәрежесін, яғни қанмен қамтамасыз ету жеткіліксізідігн бейнелейді. Лактат қышқыл болғандықтан, оның шамадан артық мқлшері қандағы қышқыл-сілітілі тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі, бұл ауыр коматоздық жағдайлармен көрінеді. Мысалы, қан диабеті кезінде гиперлактатемиялық кома. Қандағы лактаттың деңгейі оттегі жеткіліксіздігі деңгейіне пропорционалды ұлғаяды.

Лактоацидоз (ағзаның сүт қышқылымен «тотығуы») екі негізгі себептермен жүреді: Мүшелерге оттегі жеткізілудің азаюы салдарынан. Бұл жүрек-қан тамырлар немесе тынс мүшелерінің ауруларында болуы мүмкін. Қатерлі ісік аурулары кезінде, шамадан артық ішімдік ішкенде, ауыр және ұзақ физикалық жүктеме, эпилепсия салдарынан сүт қышқылының өндірілудің артуы мүмкін.