Остеопороз бейіні
Бейін келесі талдауларды қамтиды:
- Beta-Cross laps
- Остеокальцин
- Паратгормон
- Жалпы кальций
- Бейорганикалық фосфор
- Иондалған кальций
"Остеопороз" бейіні сүйек ұлпасының тығыздығын объективті және жан-жақты бағалау үшін қажет.
Beta-Cross laps – сүйек ұлпасының бүлінуі кезінде қанға түседі. Оның деңгейінің жоғарлауы сүйектің бүліну үрдісінің күшейгені туралы айтады.
Остеокальцин – бұл сүйектің бұзылуын немесе сүйек құрылымын қалпына келтірудің белсенуін көрсетеді.
Паратгормон – кальцийді сүйектен «шайып» қанға жіберетін қалқанша маңы безінің гормоны. Минералдар – олардың құрамының өзгеруі микроэлементтердің алмасу бұзылысының тікелей көрсеткіші. Бірге тағайындалады, өйткені олардың концентрациясына әсер ететін өзара тығыз байланыс бар.