Кері қайту
Трансферрин

Трансферрин – қан нәруызы, сіңірілген темірді бауырдан және көкбауырдан, сондай-ақ қызыл сүйек кемігінің кейбір жасушаларынан деполану «сақтау» орнына тасуыдан тұрады.

Трансферринді анықтау – темір тапшылық анемиясын диагностикалау үшін маңызды сынақтардың бірі. Трансферриннің темірмен қанығу коэффициентін формула бойынша есептеудің зор клиникалық маңызы бар:

сарысудағы темір/рансферрин*100%

Қалыпты жағдайда 20-55% тең болады, қанығуы 20% аз болғанда сүйек кемігіне темір мөлшерінің жеткіліксіз тасымалдану туралы айтады, осыдан әрі қарай эритроциттер (темірдің көмегімен оттегіні мүшелерге жеткізетін қанның ықызыл денеіктері) түзіледі.

Трансферриннің түзелетін орны – бауыр, сондықтан оның аурулары кезінде (гепатит, цирроз…) осы нәруыздың өндірілуі төмендейді; ағзада нәруыздың жетіспеуі (ашығу, ішек арқылы сіңірілудің бұзылуы, күйік шалу кезінде жоғалту) трансферрин концентрациясының төмендеуіне ықпал жасайды.

Темірдің тапшылығы кезінде ағза сіңірілу жерінен (ішек)микроэлементтің көп тасымалданушы үшін трансферрин шығарылуын компенсаторлы жоғарлатады.

Трансферрин мен темір ара қатынасының 4 түрі ажыратылады:

  1. Трансферриннің жоғарлауы, темірдің төмендеуі. Бұл темір тапшылық анемияға тән.
  2. Трансферрин мен темірдің жоғарлауы. Эстрогендер деңгейінің жоғарлауы (әсіресе ауыз арқылы ішілетін контрацептивтер қабылдағаннан кейін) салдарынан туындайды.
  3. Трансферриннің төмендеуі және темірдің жоғарлауы. Деполанушы орындарда темірдің көбеюі себебінен трансферрин өндірілуінің қызметінің «басылып қалуы» (гемохроматоз, гиппластикалық, гемолитикалық және мегалобасты анемиялар).
  4. Трансферрин мен темір концентрациясының төмендеуі. Ықтимал себептері: нәруыздық ашығу, жедел және созылмалы инфекциялар, онкоаурулар, бауыр аурулары, басынан өткерген оталар (операциялар).