Анизакидтерді жұқтыру, Қазақстан үшін-жаңа құбылыс. Бірақ Қазақстан аумағында дәстүрлі жапон тамақтарының кең таралуынан бізде де өзекті мәселеге айналды. Өйткені мухиттан алынған шикі және әлсіз тұзды балық өнімдерін пайдалану, сөзсіз жұтыру қаупіне алып келеді.
Anisakis туыстығындағы нематодтармен жұқтырылу жағалау елдерде аса жиі кездеседі, онда шикі теңіз өнімдерін тамаққа қолдану дәстүрлі тамақтардың бөлігі болып табылады. шикідей нәлім, майшабақ және скумбрия, сондай-ақ «қызыл балық» сұрыптарын пайдалану ең үлкен қауіпті туғызады.
Зерттеулерде 98%-ға дейін скумбрия және 94 % нәлім жағалау елдердің балық базарларында осы құрттармен зарарлану көрсетілген.
Анизакидозбен зарарланған өнімдер мен тамақтарға қатысты қауіптісі:
- суши, сашими, ролы (жапан тағамы)
- тұздалған және қақталған майшабақ
- главлакс (скандинавия тағамы)
- арқан балықтан жасалған ломи-ломи (Тынық мұхыит аралдары)
- севиш (Оңтүстік Америка)
- маринадталған хамса балықтар (анчоус) және шикі скумбрия (Испания)
Қазіргі уақытта анизакидозбен сырқаттану барлық жерлерде байқалады, яғни бұл шикі теңіз өнімдерін аса танымалдылықпен пайдаланумен байланысты болуы мүмкін. Асқазан-ішек жолдарының зақымданған бөліміне байланысты асқазандық және ішектік (интестиналды) түрлерін ажыратады.
Асқазанның зақымдануы жедел сипатта жүреді, асқазан аймағының қарқынды ауырсынуымен, қызба, лоқсу, құсу түрінде байқалады. Ішектік түрі жиі толқын тәрізді мезгіл-мезгілмен асқазан аймағының ауырсынумен жүреді.
Оның сирек, бірақ қауіпті асқынулары – жедел ішектік бітеліс, ішектің тесілуі (перфорация), шемен (асцит) және пневмоперитонеум, аллергиялық реакциялар болып табылады. Ішектің тесілуі (перфорациясы) және дернәсілдің құрсақ қуысына түсуі кезінде ұйқы безі, бауыр, аналық бездер, өкпеқап (плевра) және тері асты клетчаткасының зақымдануы байқалады. Бұдан басқа анизакидоз айқын аллергиялық жауаппен көрінеді және ескжем, ангионевротикалық ісіну және анафилаксиялық реакциялар түрінде жүреді.