Трихинеллёз – Trichinella spiralis нематода жұмыр құрттары туындататын паразиттік ауру. Ауру қызба түрінде, ісіну, бұлшықеттердің ауырсынуымен байқалады, зертханалық тексеру кезінде жалпы қан талдауында эозинофилдердің мөлшері жоғары болады. Ауыр ағымда жүректің миокарды мен орталық жүйке жүйесі зақымданады.
«Trichinella spiralis IgG антиденесін анықтау» талдауы паразиттік инфекциялардың серологиялық диагностикасына жатады. Зерттелетін материал қоздырғышқа антиденелер табылған қан. Антидене – бұл нақты бөгде нәруыз-антигенді жою үшін өндірілетін ағзаның иммундық жүйесінің компоненттері. Бұл жағдайда трихинелла антиген болып табылады.
Антиденелердің бірнеше түрлері бар:
- IgA
- IgD
- IgE
- IgG
- IgM
Дегенмен антиденелер өте жоғары концентрацияда болса да иммунитет трихинеллезды әрқашан жеңе алмайды. Тізімделген антиденелердің әрқайсысына тәң өзінің қызметі және пайда болу кезеңдері болады. Қанда арнайы антиденелер трихинелла дернәсілі көшіп-қону кезеңінде пайда болады және олар бұлшықеттерде шоғырланады.
Антиденелерді жоғары немесе орташа тұқымдандырылған (1 грамм етке 50-100 дернәсіл тиесілі) үй жануарларының (шошқа еті) жұқтырған етін қолданған кезде залалданғаннан кейін 15-20 тәулікте анықтауға болады. Инвазияның төмен қарқындылығы кезінде IgG анықтау мерзімі айтарлықтай ұзаруы мүмкін. Жабайы жануарлардың (аю, жабайы шошқа, борсық) еті арқылы жұқтырған кезде антиденелерді 5 аптадан кейін анықтайды.
2-4 ай бойы антиденелер концентрациясы үдейді, одан кейін төмендей бастайды, бірақ диагностикалық деңгейде кемінде бір жарым жыл қалады, қарқынды инвазия кезінде 2 жылдан аса болады. Трихинеллездің серологиялық диагнозын арнайы IgG титрін 4 есе ұлғайту негізінде қоюға болады.